Вице-министр ферроқорытпа зауытындағы апат туралы тың деректер айтты

30 Шілде 2024, 14:12
449
Бөлісу:
Вице-министр ферроқорытпа зауытындағы апат туралы тың деректер айтты
Фото: BAQ.KZ -архив

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов ферроқорытпа зауытындағы апат туралы ақпарат министрлікке екі сағат кешігіп жеткенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомство өкілінің сөзінше, оқиға 4:10 кезінде болған. Бірақ хабар министрлікке 6-дан 8 минут кеткенде түскен.

Өкінішке қарай, мекеменің қызметкерлері құтқарушыларды ол жерге кіргізбеуге тырысқан. Сондықтан оларға қазір әкімшілік шара қолданылып, әкімшілік іс қозғалды. Бұл жерде айта кететін нәрсе, Қазақстан аумағында орналасқан мекемелердің бәрі төтенше жағдай болған кезде өзінің аумағына құтқару күш-құралдарын кіргізуге міндетті. Сондықтан ол мекемеге 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Қазіргі таңда іс сотқа өтті — деді Сыздықов үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы