Орталық коммуникациялар алаңында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров XI Азаматтық форумның нәтижелерін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол 18-19 қазанда Астанада өткен форумның министрлік басшыларының ҮЕҰ өкілдерімен аймақтық форумдарының қорытындысы болғанын айтты.
Форум аясында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға байланысты азаматтық қоғамды толғандыратын 50-ден астам өзекті тақырыптар талқыланды. Форум сессияларының негізгі тақырыптары инклюзия, экология, тұрғын үй реформасы, кадрлық проблемалар, жастардағы жаман әдеттермен күрес, ҮЕҰ-ның қаржылық тұрақтылығы мәселелеріне арналды, - деді вице-министр.
Форум аясында ҮЕҰ 1000-ға жуық ұсынымдар келіп түсті, олардың негізінде 2024-2025 жылдарға арналған ұсынымдарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленетін болады. Сондай-ақ форумда «Таңдау» қоғамдық сыйлығының және үкіметтік емес ұйымдарға арналған Мемлекеттік сыйлықтың номинанттарын марапаттау рәсімі өтті.
Алғаш рет қайырымдылық саласында құрметті атақпен марапаттау өтті. Қазылар алқасының қарауына Қазақстанның барлық өңірлерінен 130 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 60-тан астам бизнес өкілдері, 55-тен астам қайырымдылық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері бар. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша 100 жеңімпаз анықталды, - деді Қадыров.