БҒМ вице-министрі айыппұлмен босатылды

10 Шілде 2019, 11:09
3024
Бөлісу:
БҒМ вице-министрі айыппұлмен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сот Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға жаза ретінде ақшалай айыппұл салды. 

Tengrinews.kz-тің хабарлауына қарағанда, сот Эльмира Суханбердиеваны кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырып, 2500 АЕК (6 312 500 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. 10 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық №2 сотының судьясы Бақытжан Есенов іс бойынша шешімді жариялады. 

Сот тергеуі жүріп жатқанда Эльмира Суханбердиева қамауда болды. Сотқа тергеу изоляторынан оны айдауыл жеткізді. Шеверняева қамауға алынбады.

Айта кетейік, бұған дейін сотта Эльмира Суханбердиева мен Елена Шеверняева кінәсін толық мойындаған. Бұрын олар прокурормен іс жүргізу келісімін жасаған, осыған байланысты қылмыстық іс сотқа жеделдетілген тәртіпте жіберілген. 

Айта кетейік, бұған дейін сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

"Пара болған жоқ. Біз бұған дейін де келіспегенбіз, себебі бізге тағылып отырған айыптың негізі балаларға слетте берілуі тиіс болған екі iPhone болған. Бұл бастапқыда пара деп бағаланды. Содан кейін бұл бапты алып тастады", - деп хабарлады Эльмира Суханбердиеваның қорғаушысы Айгүл Әмренова.

Өзгелердің жаңалығы