Вирустың жұғуы температураға байланысты емес – Шоранов

6 Қазан 2021, 17:04
32949
Бөлісу:
Вирустың жұғуы температураға байланысты емес – Шоранов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Әр мемлекетте өздерінің климаттық жағдайлары бар. Шынымен, вирус қыста бәсеңдеп, көктем мен жазға қарай өршіді. Біз вирустың жұғуы температураға байланысты деп айта алмаймыз. Ресейдің климаты да бізге жақын болатын шығар. Ірі мемлекетте толқын әртүрлі. Бізде де сондай жағдай. Бірақ вакцинация осындай толқындардың болмауын қамтамасыз етеді, - деді ол.
Шоранов атағандай, күзде жағдай тұрақталатыны былтыр да байқалды.
Вакцинация арқасында көктемде науқастар саны азаяды деп күтеміз. Қазір біз болжамды алдағы екі айға ғана жасай аламыз. Сондықтан қарашаға дейінгі болжам ғана бар. Жағдай тұрақты болуы керек. Көктемде қандай жағдай болатынын жылдың басында түсіндіріп бере аламыз деп ойлаймын, - деді ол.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, еліміздің үш өңірінде індет жұқтыру деңгейі бірден төмендегені анықталды.

Өзгелердің жаңалығы