Алматы, BAQ.KZ. Қытайдың Ухань қаласында тарап жатқан коронавирустан үш адам өлді. Бұл туралы сол елдің денсаулық сақтау жөніндегі комитеті хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Дәрігерлердің мәліметінше, 18 қаңтар күні вирусты жаңадан жұқтырған 59 жағдай тіркелген, ал 19 қаңтар күні тағы 77 адамның жұқтырғаны белгілі болған. Қауіпті індетті жұқтырған адамдар саны 198 жетіп отыр.
Сондай-ақ қауіпті індетті жұқтырғандардың 66-сы ер адам, 70-сі әйел. Ең жас науқастың жасы 25-те болса, жасы үлкені 89-да.
Вирусты жұқтырғандардың алдымен ыстығы көтеріліп, жөтеліп кеуде қуысы қысқан.
17 қаңтар күні коронавирустан екінші адамның көз жұмғаны белгілі болды, алғашқы науқас 11 қаңтарда бақилық болған.