Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа қарсы вакцина алғандығын айтты.
БАҚ өкілі Ералы Тоғжановтан қандай вакцина алғандығы туралы сұраған болатын.
Иә, мен коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Отандық QazVac вакцинасын салдырдым. Денсаулықты сақтау үшін оның қаншалықты маңызды шара екенін түсінемін. Әрі айналамдағылардың да денсаулығына жауапкершілікпен қараймын. Сондықтан қазақстандықтарды да өз денсаулықтарына сақ болуға және мүмкіндігінше вакцина алуға шақырамын. Қазақстанда вакцина алуға барлық жағдай жасалған. Оның бірнеше түрі де бар. Ауырмаудың жолына жүгінейік, - деп жауап берді ол.
Бұған дейін Ералы Тоғжанов үндістандық штамның жұқтыру ықтималдығы жоғары екенін айтқан болатын.