Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев газбен жабдықтау саласындағы кемшіліктер барын айтты.
Бүгінгі күні әкімдіктердің ақпараты мен Бас прокуратураның сайтында орналастырылатын мәліметтерге сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктерін қоспағанда, ЖАО газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жеткіліксіз деңгейде жүзеге асырады. Сондай-ақ Кәсіпкерлік кодексте көзделген тексеру іс-шаралары жоспарланбайды және жүргізілмейді, - деді ол.
Оның сөзінше, бірқатар әкімдік, соның ішінде Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде ұйымдастырушылық проблемалардың болуын, штат бірліктерінің жетіспеушілігін және қосымша білім беру мүмкіндігінің болмауын атап өткен.
Жергілікті органның бірқатарында аудандық әкімдіктер деңгейінде газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін бүгінгі күнге дейін тиісті бөлімшелер құрылмаған, - деп айтты ТЖМ өкілі Мереке Пішембаев.