Вице-министр: Франциямен ынтымақтастық декларациясы денсаулық саласына серпін берді

2 Қараша 2021, 22:28
924
Бөлісу:
Вице-министр: Франциямен ынтымақтастық декларациясы денсаулық саласына серпін берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов "Денсаулық сақтау саласындағы Француз инновациялары" форумының жұмысына онлайн-форматта қатысты.

Құттықтау сөзінде ол Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың 29 жылы өзара сенім, теңдік және құрмет көрсетіп, үлкен жолды өткенін атап өтті.

Осы жылдың мамыр айында қол қойылған Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық ниеті туралы Декларация екіжақты ынтымақтастыққа қосымша серпін берді. Декларацияны іске асыру шеңберінде Кюри институты өкілдерінің практикалық және әдіснамалық көмек көрсету үшін Қазақстанның медициналық ұйымдарына сапары өтті және ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумдарға қол қойылды, - деп хабарлады вице-министр.

Марат Шоранов қарқынды дамып келе жатқан ғылым мен технологиялар аясында Денсаулық сақтау саласына осы инновацияларды тиімді енгізу аса өзекті және маңызды болып отырғанын атап өтті.

Осыған байланысты, вице-министрдің айтуынша, Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықты жандандыру ерекше өзекті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өз тарапынан ауруларды диагностикалау және емдеу, медицина мамандарының біліктілігін арттыру, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және т.б. денсаулық сақтау саласындағы перспективалы бағыттар бойынша Франциямен әріптестікті жандандыруға және жолға қоюға жәрдем көрсетуге дайын. Сондай-ақ, француз фармацевтикалық компанияларын Қазақстан Республикасының аумағында фармацевтикалық өндірісті оқшаулау бойынша ашық диалогқа шақырамыз, - деп түйіндеді ол.

Қазіргі уақытта SANOFI биофармацевтикалық компаниясымен бірлесіп медицина мамандарының білім деңгейін арттыру үшін ғылыми-білім беру бағдарламаларын әзірлеу (бағыттар бойынша: қант диабеті, сирек кездесетін аурулар, жүрек-тамыр аурулары); әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша ұсыныстар әзірлеу; тәжірибе алмасу және т. б. жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, ASPEN, Aspen NoterDam de Bonneville, Pierre Fabre және т.б. сияқты француз компанияларымен бірлескен жұмыс жолға қойылды.

Анықтама: қазіргі уақытта ҚР фармацевтикалық нарығында дәрілік заттардың 255 позициясы және француз Республикасы өндірісінің медициналық бұйымдарының 220 позициясы тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы