Алматы облыстық ауруханасында 3 жасар бала ветрянкадан көз жұмды

9 Қаңтар 2020, 14:20
9860
Бөлісу:
Алматы облыстық ауруханасында 3 жасар бала ветрянкадан көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысындағы елді мекенде 3 жасар бала ветрянка (желшешек) энцефалитінен қайтыс болды. 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баланы емдеген медициналық мекемелерге жоспардан тыс тексеру жүргізуді тапсырды, деп хабарлады "Время" газеті. 

Кішкентай бала Алматы облысы Жамбыл ауылында 12 желтоқсан күні қайтыс болды. Ветрянканың алғашқы белгілері 5 желтоқсанда байқалған, дәрігерлер баланың денесіндегі жараларды жасыл дәрімен (зеленка) өңдеген. Осыдан соң, бала алдымен сол аяғының, кейін сол қолының ауыра бастағанын айтқан. Баланың ата-анасы оны Жамбыл аудандық амбулаторияға апарған, ол жерде оған ибуфен жазып, үйіне қайтарған. 

Кейінірек әкесі баланың сол қолы ісе бастағанын байқаған. Тілшілерге берген сұхбатында ол "Қарасай аудандық ауруханасына дейін 10 минут жер еді, алайда мені жедел жәрдем күтіңіз" деп кері қайтарғанын айтқан. Отбасы дәрігерлерді 1,5 сағат күткен. Олар келіп, балаға ауырсынуды басатын дәрі салып, Өтеген батыр кентіндегі Алматы қалалық балалар клиникалық ауруханасына алып кеткен. Ауруханаға жету үшін бүкіл Алматыны айналуға тура келген. Ол уақытта баланың қолы қарая бастаған. 

Ауруханада баланы бірден ота жасауға жатқызып, ал ата-аналарын қажетті дәрі-дәрмектерді іздеуге жіберген. Алайда, олар дәрі сатып алып келгенге дейін бала ауруханаға қайтыс болған. 

Бізге кейін айтқанындай, Қарасай ауруханасында Ваняда менингококк инфекциясы бар деп ойлаған. Алайда, сосын анықталғандай, бұл ветрянка энцефалиті екен, ол ветрянканың асқынуы кезінде пайда болады. Біз дәрігерлерден оны "құтқаруға мүмкіндік болды ма?" деп сұрадық. Олар "Иә, ол үшін қолындағы іріңді шығару керек еді" деді. Сол кезде қолдағы ірің миға кетпей, ұлымыз тірі қалатын еді. Емханаға дәрігеріне таңертең келдім. Күндіз жедел жәрдем шақырдым. Кейін екі сағаттай Қаскелеңдегі ауруханада болдым. Осының бәрі - жоғалған уақыт, - деп сұхбат берді қаза тапқан баланың әкесі. 

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекованың Facebook-тегі хабарламасы бойынша, ветрянкадан қайтыс болған баланың ісіне байланысты Елжан Біртанов тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, жоспардан тыс тексеруге тапсырма берген.

Сондай-ақ, ветрянка диагнозы бар балаға медициналық көмек қалай көрсетілгеніне баға беріледі. Бұдан басқа, МӘМС үйлестіру жөніндегі аймақтық көшпелі штабтардың жұмысы аясында вице-министр Ләззат Ақтаева да осы дерек бойынша талдау жұмыстарын жүргізеді, - деді Бюрабекова.

Өзгелердің жаңалығы