Вьетнамның жаңа президенті сайланды

23 Қазан 2024, 01:16
398
Бөлісу:
Вьетнамның жаңа президенті сайланды
Фото: baq.kz

Вьетнамдық генерал әрі саясаткер Лыонг Кыонга ел президенті болып сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Thanh Niên-ге басылымына сілтеме жасап.

Осы жылдың 19 шілдесінде бұрынғы хатшы Нгуен Фу Чонг қайтыс болғаннан кейін қазіргі мемлекет басшысы То Ламның биліктегі Коммунистік партияның Орталық комитетінің бас хатшысы болып сайлануына байланысты Вьетнамда президенттік сайлау өтті.

Вьетнамдағы соңғы президенттік сайлау 2024 жылы мамырда өткен болатын. Осылайша, То Лам Вьетнам президенті қызметін бірнеше ай ғана атқарды. Саясаткер мемлекет басшысы қызметін 2026 жылға дейін атқаруы керек еді.

Лыонг Кыонг 67 жаста. 2024 жылдың мамыр айынан бастап Коммунистік партия Орталық Комитеті хатшылығының тұрақты мүшесі. Саясаткер алдағы екі жылда Президент қызметін атқармақ.

Өзгелердің жаңалығы