Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2024 жылғы 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім 2024 жылғы 25 мамырдан бастап күшіне енеді, – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Келісім бойынша екі елдің азаматтары ұлттық паспорттардың иелері үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді.
Екі елдің азаматтары Қазақстан немесе Вьетнамға кірген күннен бастап күнтізбелік отыз күн, ал алты айдың ішінде жалпы алғанда тоқсан күнтізбелік күн бола алады, – деді ҚР СІМ ресми өкілі.