Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Вьетнамдағы су тасқыны: Зардап шеккен қазақстандықтар бар ма?

Жансая ҚАМБАР
24 Қараша 2025, 17:13
439
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Вьетнамда бірнеше мың қазақстандық демалып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол елімізден Вьетнамдағы су тасқынынан зардап шегіп, көмек сұраған ешбір турист жоқ екенін жеткізді.

Вьетнамның кейбір қалаларында, провинцияларында су тасқыны орын алып жатыр. Жаңбырдың салдарынан. Біздің қолда бар ақпарат бойынша бірнеше мың қазақстандық сол жақта демалып жатыр. Оның нақты санын “Қамқор” тур операторлар қауымдастығынан анықтасаңыздар болады. Бірақ осы күнге дейін біздің азаматтардан біздің елшілік пен дипломаттарға көмек сұрап, бірде-бір турист хабарласқан жоқ, – деді ресми өкіл.

Смадияров қазақстандыштарға Вьетнамға сапарға шықпас бұрын ауа райын қарап, туркомпаниялармен ақылдасуға кеңес берді.

Өзгелердің жаңалығы