Вьетнамда тайфун салдарынан 200-ге жуық адам қаза тапты

Вьетнам астанасы Ханойда Хонгха өзенінің жағасында тұратын мыңдаған адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

 pixabay.com 12 Қыркүйек 2024 2024, 07:46
12 Қыркүйек 2024 2024, 07:46
903
Фото: pixabay.com

Вьетнам астанасы Ханойда Хонгха өзенінің жағасында тұратын мыңдаған адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Оған соңғы 20 жылда болмаған табиғи апаттың – Яга тайфунының салдарынан өзен суының көтерілуі себеп болған.

Көшелерді су басып, кем дегенде 179 адамның көз жұмғаны айтылуда.

Азиядағы ең күшті тайфун дауыл мен нөсер жаңбырға ұласты. Табиғи апат көптеген зауыттарға зақым келтіріп, жағалауда орналасқан өнеркәсіп орталықтарының экспортқа бағытталған қоймаларын су басып, олар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

Наверх