АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Америка әкімшілігі Украинадағы қақтығысты реттеу бағытында «айтарлықтай прогреске» қол жеткізгенін мәлімдеп, жақын апталарда бұл мәселе бойынша оң жаңалықтар болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол NBC News телеарнасына берген сұхбатында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Вэнстің айтуынша, Вашингтон мен Ақ үй бұл дағдарыстың әлі шешілмегеніне көңілі қалғанымен, бейбіт келісімге жақындап қалғандарына сенімді.
Менің ойымша, қандай жағдай болмасын, біз үлкен жетістіктерге жеттік. Бірақ мәре сызығына әлі жеткен жоқпыз. Алдағы бірнеше аптада жақсы жаңалықтар болады деп үміттенемін, - деді вице-президент.
Ол сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамптың бұл соғысты дипломатиялық жолмен шешуге болатынын бірнеше рет айтқанын еске салды.
Біз бұл соғысты аяқтау ең оңай міндеттердің бірі болады деп сендік, - деді Вэнс.
Еске сала кетейік, 2 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин Кремльде АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнерді қабылдады. Тараптар Украинадағы реттеу мәселесін шамамен бес сағат бойы талқылады.