Венгриядағы бокс турнирі: Бірінші жарыс күнінің нәтижелері

Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнир өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

 olympic.kz 17 Қаңтар 2024 2024, 20:31
17 Қаңтар 2024 2024, 20:31
995
Фото: olympic.kz

Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнир өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып, оның үшеуі келесі айналымға өтті.

Атап айтар болсақ, 60 келідегі Бейбарыс Жексен моңғолиялық қарсыласын, 63,5 келідегі Ертуған Зейнуллинов пен 71 келідегі Сабыржан Аққалықов Венгрия боксшыларынан басым түсті.

Өкінішке қарай, 75 келідегі Диас Молжігітов жеңіліске ұшырады.

Наверх