Венецияда Қазақстанның Ұлттық павильоны ашылды

Қазақстанның Ұлттық павильоны әлемдік деңгейдегі беделді көрмеде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұсынылды.

 Мәдениет және ақпарат министрлігі Бүгiн 2026, 08:58
Бүгiн 2026, 08:58
180
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

La Biennale di Venezia 2026 аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны ашылды. Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан павильонында руханият, мәдени сабақтастық пен тарихи жады тақырыптарын қамтыған «Qoñyr: Тыныштық архиві» көрмесі таныстырылды. Экспозиция дыбыс, кеңістік және визуалды өнер арқылы көрерменді ерекше атмосфераға жетелейді.

Ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, Қазақстанның Италиядағы елшісі Ерболат Сембаев және La Biennale di Venezia 2026 президенті Пьетранджело Буттафуоко қатысты.

Айта кетейік, Қазақстан павильонын Museo Storico Navale музейінде 2026 жылғы 22 қарашаға дейін тамашалауға болады.

Наверх