2150 жылға қарай Венеция толықтай су астында қалуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мұндай тұжырымға ғалымдар Италияның геофизика және вулканология ұлттық институты үйлестіретін халықаралық жоба барысында келді.
RAI News 24 таратқан мәліметке сәйкес, 2050, 2100 және 2150 жылдарға үлгіленген суға бату сценарийі ХХІІ ғасырдың ортасына қарай қаланың көп бөлігі су астында қалу ықтималдылығын көрсетті. Мамандардың бағалауынша, 139-дан 226 шаршы шақырымға дейінгі аумаққа қауіп төнеді.
Зерттеушілер су тасқынының алдын алуға бағытталған "Моисей" қорғаныстық кедергілер жүйесі бұл жағдайда жеткіліксіз болуы ықтимал деп отыр.
Апаттың негізгі себебі ретінде ғалымдар климаттың өзгеруін атады. "Жоғары су" деп аталатын құбылыс Венецияның біртіндеп суға батуына алып келуде. Қазіргі уақытта әйгілі қала жылына 7 мм-ге дейін құрғақ жерінен айырылуда. Бұл ай цикліне байланысты су ағысымен байланысты және жаһандық жылыну әсерінен күшейіп келеді.