Венесуэлада түрмедегілер наразылық ұйымдастырып, адамдарды тұтқынға алды

2 Мамыр 2022, 17:29
1571
Бөлісу:
Венесуэлада түрмедегілер наразылық ұйымдастырып, адамдарды тұтқынға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венесуэлада абақтыда қамауда отырғандар наразылыққа шығып, адамдарды тұтқынға алды. Оқиға Карабобо штатында болды деп хабарлайды РИА-Новости.  

Олар үш күзетшіні кепіл ретінде тұтқынға алған. Басты талаптары – камералардағы адам санын азайту. Артынша ел прокуратурасы оқиға аяқталды, 50-ден астам адам көрші түрмеге ауыстырылды деп мәлімдеді. 

Карабободағы №14 және №28 прокуратураның адам құқықтары жөніндегі қызметкерлері  Лос-Гуайос ұлттық полициясындағы Боливариан үйлестіру орталығына тәртіпсіздіктерді тоқтату үшін келді. Олар кепілге алынған үш адамды босатып, 53 қамаудағы тұтқындарды Токуито сот түрмесіне ауыстыруды ұйымдастырды, - деп жазды өз блогына Венесуэланың бас прокуроры Тарек Уильям Сааб. 

Жергілікті БАҚ наразылыққа басты себеп – қамауда отырғандардың құқығының бұзылуы мен камералардың шектен тыс толуы себеп болғанын айтуда.  

Тұтқыннан босатылған үш күзетшінің жағдайы ауыр. Біреуінің бассүйегі сынса, екіншісі құлағынан айырылған.  

Өзгелердің жаңалығы