Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венесуэлада абақтыда қамауда отырғандар наразылыққа шығып, адамдарды тұтқынға алды. Оқиға Карабобо штатында болды деп хабарлайды РИА-Новости.
Олар үш күзетшіні кепіл ретінде тұтқынға алған. Басты талаптары – камералардағы адам санын азайту. Артынша ел прокуратурасы оқиға аяқталды, 50-ден астам адам көрші түрмеге ауыстырылды деп мәлімдеді.
Карабободағы №14 және №28 прокуратураның адам құқықтары жөніндегі қызметкерлері Лос-Гуайос ұлттық полициясындағы Боливариан үйлестіру орталығына тәртіпсіздіктерді тоқтату үшін келді. Олар кепілге алынған үш адамды босатып, 53 қамаудағы тұтқындарды Токуито сот түрмесіне ауыстыруды ұйымдастырды, - деп жазды өз блогына Венесуэланың бас прокуроры Тарек Уильям Сааб.
Жергілікті БАҚ наразылыққа басты себеп – қамауда отырғандардың құқығының бұзылуы мен камералардың шектен тыс толуы себеп болғанын айтуда.
Тұтқыннан босатылған үш күзетшінің жағдайы ауыр. Біреуінің бассүйегі сынса, екіншісі құлағынан айырылған.