Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Венесуэла президентін кім тұтқындағаны белгілі болды

Кеше, 17:00
370
Бөлісу:
 Jesus Vargas/Getty Images
Фото: Jesus Vargas/Getty Images

Тұтқынға алынды деген Венесуэла президентін кімдер тұтқындағаны туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Николас Мадуроны АҚШ армиясының арнайы мақсаттағы элиталық Delta Force бөлімшесінің жауынгерлері қолға түсірген.

Бұл туралы CBS News америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлады.

Delta Force атты элиталық әскери бөлім 2019 жылы жүргізілген операцияға да жауапты болған. Сол операция барысында «Ислам мемлекеті» ұйымының бұрынғы басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдади жойылған еді.

Еске салайық,Венесуэла астанасында АҚШ-пен қарым-қатынастың шиеленісуі салдарынан жарылыстар болды.

Венесуэланың ресми билігі бұған дейін елде төтенше жағдай енгізілгенін мәлімдеп, Вашингтонды әскери агрессия жасады деп айыптаған. Елдегі жағдай әлі де күрделі күйде қалып отыр, ақпарат нақтыланып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы