Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Велосипед, бақша, тамақ: 111 жастағы әже құпиясын айтты

10 Сәуір 2025, 19:32
1473
Бөлісу:

Жапонияның Сидзуока префектурасындағы Хамамацу қаласында тұратын 111 жастағы Масаэ Фурухаси ресми түрде елдің ең ұзақ өмір сүрген тұрғыны деп танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ LongeviQuest-ке сілтеме жасап.

Фурухасидің ұзақ өмір сүру құпиясы оның өмір салтына байланысты болуы мүмкін. Бала кезінде ол күн сайын мектепке дейін 12 шақырымды велосипедпен жүріп өтетін, қайтар жолымен қосқанда күніне 24 шақырым жол жүретін болған. Кейінірек мұғалімге тұрмысқа шығып, төрт бала дүниеге әкелген. Алайда небәрі 27 жасында жесір қалыпты.

Жасына қарамастан, ол ұзақ уақыт бойы ешкімнің көмегінсіз өмір сүріп келді. Тіпті 90 жасқа таяғанда да көрші алқаптарда велосипедпен серуендеп, күнге қыздырынуды ұнататын. Бұған қоса, өзі көкөніс егіп, бонсай мен сәндік өсімдіктерді күтіп-баптаған.

Фурухаси өмір бойы қарапайым әрі дұрыс тамақтану тәртібін ұстанып, артық тамақ ішуден бойын аулақ ұстаған. Таңертеңгілік асқа ол умэбосиді – тұздалған және ашытылған жапон өрігін жеуді жақсы көрген. Умэбоси құрамында лимон және аскорбин қышқылы мол, ол шаршауды басып, тамақ ауруына қарсы көмектеседі деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы