Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев хабарлады. Ведомство басшысы құрғақшылық салдарын жою және залалды азайту бойынша шараларды қабылдау қажеттігін алға тартты.
Оның айтуынша, мал шаруашылығын тиісті азық-түлік қорынсыз дамыту – үлкен әрі негізсіз тәуекел көрінеді.
Қазіргі құрғақшылық секілді табиғи апаттардың орын алу ықтималдылығы жоспарлы болды. Сондықтан мұндай сценарийлерге алдын ала дайындалу қажет болған. Өкінішке қарай, біз биыл құрғақшылыққа дайын болмағанымызды көріп отырмыз, - деді Ербол Қарашөкеев.
Ғалымдардың деректері бойынша елімізде жыл сайын мал азығы зоотехникалық қажеттілік нормасынан 2 есе аз өндіріледі. Сонымен қатар жемшөптің осы көлемінің шамамен 70%-ы негізінен табиғи шабындықтарда және шабындық деп аталатын жайылымдарда жиналады. Ал олардың өнімділігі толығымен ауа-райына байланысты.
Ауыспалы егістегі жемшөп дақылдарының үлесі 15% деңгейінде қалып отыр. Бұл ғылым ұсынған көрсеткіштен 2 есе төмен. Жем-шөп дақылдарымен небәрі 3,2 млн га қамтылған.