Вашингтондағы ұшақ апаты: 41 адамның денесі табылды

Бүгiн, 06:28
167
Бөлісу:
Вашингтондағы ұшақ апаты: 41 адамның денесі табылды
Фото: X(Twitter)/@JessicaABC30

Вашингтонда болған жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақ апатынан 41 адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ NBC News-ке сілтеме жасап.

Колумбия округінің өрт қызметінің басшысы Джон Доннелидің мәлімдеуінше, өңірдегі қатты тұманға қарамастан қалған 26 адамның денесі іздестіріліп жатыр.

Біз 41 адамның дене қалдықтарын алып шықтық. Олардың 28-інің тұлғасы анықталды, - деп атап өтті ол баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ қаза тапқандардың арасында үш сарбаздың екеуінің кім екендігі анықталған.

Еске салайық, Вашингтонда 30 қаңтарға қараған түні Рейган атындағы әуежайдан ұшып шыққан жолаушылар ұшағы әскери тікұшақпен соқтығысып, салдарынан Потомак өзеніне құлады.

Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Өзгелердің жаңалығы