Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус инфекциясының негізгі таратушысы жастар екенін мәлімдеді.
Бүгін әкім «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасында тікелей эфирде тұрғындардың сұрағына жауап берген.
Оның айтуынша, індет жұқтырғандардың көбі - 20 мен 39 жас аралығындағы тұрғындар. Оның 48 пайызы қоғамдық орында жұқтырған.
Берілген статистика 20 мен 39 аралығындағы жастардың қалалық санитарлық нормаларды ұстанбайтынын көрсетіп отыр, - деді Сағынтаев.