Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирінде бесінші жарыс күні аяқталуға жақын, деп жазады Olympic.kz.
Бүгін күндізгі сессияда шаршы алаңға шыққан спортшылар арасынан Алуа Балқыбекова жеңіліс тапты. Ол украиналық Ханна Охотаға 2:3 есебімен жол берген.
70 келідегі Валентина Хальзова мен 81 келідегі Анастасия Баязитова жартылай финалға өтті.
Олар тиісінше ресейлік Дарима Сандакова мен өзбекстандық Сохиба Рузметованы ұтқан.