Вакцинациялау басталғанымен, экономикалық дамуда белгісіздік басым – Досаев

16 Ақпан 2021, 10:08
905
Бөлісу:
Вакцинациялау басталғанымен, экономикалық дамуда белгісіздік басым – Досаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемде вакцинациялау басталғанымен, экономикалық дамуда белгісіздік басым. Үкіметтің онлайн отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев сыртқы нарықтағы ахуал мен іскерлік белсенділікке шолу жасады. 

Оның келтірген мәліметіне сүйенсек, вирустың жаңа штаммының таралуы және бірқатар елде вакциналық протекционизмнің күшеюі әлемдік экономиканың қалпына келу қарқынын тежеуде. 

 

Қаңтарда пандемияның қайта өршуінен және вакциналарды таратудың кешігуінен экономиканың баяулауы мүмкін деген алаңдаушылыққа байланысты жаһандық қор нарықтары төмендеді. АҚШ-тағы нарықтар бірқатар компания бойынша кәсіби емес трейдерлердің алыпсатарлық мәмілелеріне байланысты қосымша қысымға ұшырады, бұл құбылмалылық индексінің 22-ден 33%-ға дейін 11 пайыздық тармаққа өсуіне әкелді, - деді ол.

 
Осының аясында АҚШ доллары нығайды, бұл АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздары (МБҚ) кірістілігінің өсуімен бірге алтын бағасының төмендеуіне алып келді.

Шектеу шараларын қатаңдату жағдайында іскерлік белсенділіктің жаһандық индексі биылғы қаңтарда 52,3 тармаққа дейін, оның ішінде өндіріс пен жаңа тапсырыстар өсуінің баяулауы нәтижесінде Еуроодақта – 48,7-ға дейін, Қытайда – 51,5-ға дейін төмендеді.
Соынмен қатар ол елдегі іскерлік белсенділікке де тоқталды. 

Қазақстанда іскерлік белсенділік өнеркәсіптегі және қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділіктің баяулауы есебінен 49,0 тармақтан 48,4 тармаққа дейін екі ай қатарынан төмендеді. Құрылыс оң көрсеткішке шықты. Ұлттық Банк 2020 жылғы 4-тоқсанда кәсіпорындарға жүргізген мониторинг инвестициялық белсенділік пен өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты нақты сектордағы экономикалық белсенділіктің төмен қарқынының сақталуын көрсетуде, - деді ол.

Сонымен бірге сұраныстың қалпына келуі және дайын өнім бағасын өсірудің жылдамдауы, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі байқалады. Композиттік озық индикатор нақты секторда экономикалық белсенділіктің біртіндеп қалпына келу белгілерінің пайда болуын көрсетуде. Биылғы 1-тоқсанда кәсіпорындар экономикалық белсенділіктің әлсіз өсуін күтуде.


Өзгелердің жаңалығы