Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чех Республикасы Үкіметінің денсаулық қатерлері мәселелері жөніндегі кеңесі коронавирусқа қарсы Pfizer/Biontech және Мoderna вакциналарының бірінші және екінші дозаларын енгізу арасындағы аралықты ұлғайтуды мақұлдады.
Чехия Денсаулық сақтау министрлігі екпе жасату үшін жақын арада тіркелген адамдарға Pfizer / Biontech және Moderna вакцинасының екінші дозасы 42 күннен кейін салынатындығы туралы хабарлады. Ведомство мұндай шешімді вакцинация аралығын арттыру арқылы екпемен қамтылатын адамдар санының артатындығымен және сәйкесінше қысқа уақытта бірталай адамды қорғау мүмкіндігімен түсіндірді.
Pfizer / BioNTech және Moderna өндірісіндегі препараттар республикада қолданылатын вакциналардың 85% - дан астамын құрайды.
Ал Украина билігі Сovishield вакцинасының екі дозасы арасындағы аралықты 28 күннен 90 күнге дейін ұзартты
Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі Сovishield вакцинасының қорғаныш қабілеттілігін арттыру үшін дозалар арасындағы аралықты арттыру туралы шешім қабылдады. Бұл 4-12 аптадан кейін екінші дозаны енгізуді көздейтін өндірушінің нұсқауларына қайшы келмейді.
The Lancet ғылыми басылымының зерттеуі бойынша вакцинаның тиімділігі бірінші дозаны салғаннан кейінгі 22-90 күн аралығында 76% құрайды: антиденелер деңгейі де осы кезең бойы сақталады. Егер екпенің екінші дозасы 12 аптадан кейін немесе одан кешірек жасалса, вакцинаның тиімділігі 81,3% құрайды. Ал екі дозаның арасындағы интервал 14 күн болса, вакцинаның тиімділігі 66,7% құрайды.
Бұл туралы The Lancet-те жарияланғаннан кейін Канада, Германия және Францияда вакцинация аралығын ұлғайту ұсынылды.
Қазір Украинада вакциналау үшін CoviShield препараты қолданылады. Ол Oxford/AstraZeneca-мен әзірленген және Үндістанда өндіріледі. Препарат Украинада шұғыл жағдайларда қолдану үшін тіркеуден өткен.