Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елорда тұрғындарын вакцинациялауға қатысты өткен брифингте айтты.
Вакцинация барлық штамнан қорғайды. Әрине, бүкіл вакцинаның өз тиімділігі болады. Көп вакцинада ол 90 пайызды құрайды. Тек 10 пайызында вакцина қорғай алмауы мүмкін. Вакцина алған барлық адам вирус жұқтыруы мүмкін. Бірақ олар ауырмайды. Бұл - мүлдем бөлек дүние. Вакцинасыз жұқтырған ауруға қарағанда өте жеңіл өтеді, - деді ол.
Мұратов айтқандай, осындай жағдайға жеткізбеуіміз керек.
Елордада 210 мың адам алғашқы компонентті алды. Соңғы бірнеше күнде 20 мың адам вакцина алды. Халық арасында жоғары белсенділік пайда болды. Бұл – дұрыс насихаттың нәтижесі, - деді ол.
Айта кетейік, осыған дейін Тимур Мұратов елорда стационарларындағы жүктеме 70 пайызды құрап отырғанын айтты.