Вакцинация. І және ІІ компоненттің арасындағы интервал 60 күнге созылды

23 Сәуір 2021, 13:00
1625
Бөлісу:
Вакцинация. І және ІІ компоненттің арасындағы интервал 60 күнге созылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстанда COVID-19 қарсы вакцинация: ең өзекті сұрақтарға жауаптар» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева айтты.

Біздегі статистикалық мәліметтер бойынша, 1 ақпаннан бастап 823 498 азамат өз еркімен вакцинацияның I компонентін алған болса, ІІ компонентін 132 803 азамат алып үлгерді. І және ІІ компоненттің арасында белгілі интервал сақталуы керек. Сонымен қатар, бүгінде І және ІІ компоненттің арасындағы интервал 60 күнге созылғанын айта кеткен жөн. Бірақ бұл тек «Спутник V» вакцинасына қатысты, - деді ол.

Халықтың вакцинаға деген қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін үкімет тарапынан тиісті талаптар қойылып, қадағалануда.

Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан вакцинаның жеткізілу, сақталу таратылуына қатысты көңіл бөлінуде. Бүгінде ұйымдастырылып жатқан барлық егу пункттерінде мамандар арнайы дайындалған. Вакцинация процесі қатаң бақыланып отырады. Қажет болған жағдайда оқу-ағарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, халық арасында насихат жұмыстары да жүргізіліп жатыр, - деді спикер.

Айнагүл Қуатбаева бұған дейін оқу жылы басталғалы оффлайн режимде оқып жатқан балалар арасында 5 594 жағдай, ал, онлайн режимде оқығандар арасында да жағдайдың мәз емес екенін жеткізген еді.
Өзгелердің жаңалығы