Вакцинация. Астана тұрғыны екі бөлмелі пәтерге ие болды

7 Қазан 2021, 22:42
21767
Бөлісу:
Вакцинация. Астана тұрғыны екі бөлмелі пәтерге ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада екпе алған азаматтар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында елорданың кез келген егу пунктінде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған, кәмелетке толған азаматтар қатысты.

Ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін Birge платформасында арнайы рандомайзер сервисі орнатылды, ол жүлде иелерін вакцинацияланған ID генерациясымен таңдады.

Сарыарқа ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан «Рио-де-Жанейро» ТК-дегі жаңа пәтерді Әсемгүл Ысқақова жеңіп алды. Пәтердің демеушісі - «G-park» құрылыс компаниясы.

Сонымен қатар, вакциналанғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды: үш iPhone12, тоңазытқыштар, теледидарлар, қысқа толқынды пештер, шаңсорғыштар, үтік, фен және т.б. Вакциналанғандар арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны жалғасатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды вакцинациядан өтуге ынталандыру үшін елорда әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында апта сайын бағалы жүлделердің ұтыс ойындары өткізілген болатын. Барлығы 19 iPhone12, 6 тоңазытқыш, 4 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 DVR, кір жуғыш машиналар, Алиса ақылды колонкасы, ылғалдандырғыш және басқалар ойнатылды.

Вакцина сіздің денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың да денсаулығын қорғауға, карантинге дейінгі қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы