Вакцина жарамсыз болса, қайда жіберіледі?

24 Мамыр 2021, 18:36
1318
Бөлісу:
Вакцина жарамсыз болса, қайда жіберіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен тікелей эфир кезінде қазақстандық «Спутник V» Қарағанды фармацевтикалық кешенінің бас директоры Сергей Барон айтты.

Бірден утилизацияға жіберіледі. Біз GMP ережесін мұқият сақтаймыз. Бұл - міндетті талап. Біздегі барлық персонал арнайы білімі бар мамандар, олар қарапайым ғана өндіріс аумағын тазалау бойынша да арнайы ереже негізінде жұмыс істейді. Мысалы, ол жерді қалай жуып-шаю керегі, қандай затпен сүрту керегі, барлығы тиянақты жазылған. Жалпы вакцинаның бір сериясы дайын болған кезде арнайы құжаттама жасалады. Яғни, вакцина өндірісіне кімдер қатысты, қашан қатысты, өндіріс барысында не пайдаланды, осының барлығы жазылады. Бұл не үшін керек, бұл - егер қандай да бір ақау пайда болған жағдайда, қандай кезеңде не болғанын нақты білу үшін керек, - деді ол. 

Сергей Барон ресейлік вакцина мен Қарағанды фармацевтикалық кешенінде дайындалған «Спутник V» вакцинасының еш айырмашылығы жоқ екенін айтты.

Себебі ресейлік өндіріс қолданатын субстанция бізде де қолданылады. Процесс бір. Құрылғыларымыз да ұқсас. Алдымен өзіміз қалай жасау керегін үйреніп алдық, сосын валидациялық серияларды ресейлік әріптестерімізбен бірлесіп жасадық, - деді ол. 

Сонымен қатар ол вакцина әзірлеу процесін қадағалау қалай жүргізілетініне де тоқталды.

Жуырда вакцина әзірлеу процесін қалай қадағалайсыздар деген сауал қойылды. Жалпы процестің 8 көрсеткішін біз, 15 көрсеткішін ресейлік Гамалея институтының мамандар қадағалайды. Әрбір серияның шығармас бұрын, алдымен олардың үлгісін осы институтқа жібереміз, сапасын бақылау процесі ол жақта 20 күндей жасалады. Осы 20 күн бойы біздегі дайын вакцина арнайы температурасы бар қоймада жатады, оны таратуға рұқсат жоқ. Институт мамандарының тексерісінен толық өткеннен кейін, сертификат қолымызға тиген соң бірақ, вакцинаны бірыңғай дистрибьюторға жөнелтеміз, - деді Барон.

Айта кету керек, бұған дейін Сергей Барон вакцина шығаруда неліктен Қарағандыдағы кешен таңдалып алынғанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы