Вакцина тасымалы бойынша үздіксіз жұмыс істейтін жүйені қалыптастыру керек – Салиев

27 Қаңтар 2021, 15:26
1595
Бөлісу:
Вакцина тасымалы бойынша үздіксіз жұмыс істейтін жүйені қалыптастыру керек – Салиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1 ақпаннан бастап Қазақстанда жаппай вакцинациялау басталады. «СҚ-Фармация» ЖШС Бiрыңғай дистрибьюторының басқарушы директоры Аймұрат Салиев вакцинация ерекшелігіне қатысты пікір білдірді. 

2021 жылдың ақпан айынан бастап ҚР-да Ресейде шығарылған «Спутник V» вакцинасы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың бiрiншi кезеңi басталады. Ал 2021 жылдың 2 тоқсанынан бастап қазiргi уақытта клиникалық сынақтардың III кезеңiнде тұрған отандық өндiрiс - QazCovid-In препаратымен вакцинациялауды бастау жоспарланып отыр, - деді ол.  

Салиевтің айтуынша, дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету процесiнде үздiксiз жұмыс iстейтiн жүйенi қалыптастыру маңызды мәселе.

Оның ішінде термолабильдi препараттарды өндiрушi кәсiпорыннан тұтынушыға дейiнгi жолдың барлық кезеңдерiнде сақтау мен тасымалдаудың оңтайлы температуралық режимiн қамтамасыз ету де маңызды. Былтырғы желтоқсанда Қазақстанда отандық кәсiпорын «Қарағанды фармацевтикалық кешенi» ЖШС-да «Спутник V» вакцинасының өндiрiстiк желiсi iске қосылды, онда коронавирусқа қарсы вакцинаның кемiнде 2 млн дозасын өндiру жоспарланып отыр. Республика аумағында вакцина шығару логистикалық шығындарды қысқартуға және қысқа мерзiмде медициналық мекемелерге жеткiзудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi, - дейді ол.  

Маман атап өткендей, Денсаулық сақтау министрлiгi өңiрлердiң Денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына «суық тiзбек» дайындығы бойынша тапсырма жiбердi. 

 

ДСМ Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау комитетiнiң аумақтық департаменттерiн тарта отырып, температуралық режимдi, үздiксiз қоректендiру көздерiн, вакциналарды сақтау мен тасымалдауды қамтамасыз ету үшiн термобоктарды бақылай отырып, қажеттi тоңазытқыш жабдығын сатып алу және орнату, сондай-ақ тауарды қабылдау бойынша персоналды оқыту бойынша iс-шараларды атқарып жатыр, - деді Аймұрат Салиев. 


 

Өзгелердің жаңалығы