Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №15 қалалық емханасының медбикесі Анар Әшімова елдегі вакцинация науқанына қатысты пікір айтты.
Вакцинаға күмәнмен қарамауымыз керек, себебі ол ағзаны түрлі инфекция мен бактерия, вирустардан қорғайды. Мен де көп адамның бірі ретінде вакцина салдырттым. Ешқандай жанама әсерлер бойымда байқалған жоқ. Вакцинадан қорқудың ешбір себеп жоқ. Вакцина ағзаға күш қуат беріп, індеттен қорғайды, - деді Әшімова.
Оның айтуынша, «вакцина салдыртқан адам ауырмайды» деген кепілдік жоқ.
Алайда вакцина салдыртқан адамдарда ауыр инфекциялық аурулар жеңіл түрде өтеді. Халық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап, аурудың алдын алса, маскасыз жүрудің ауылы да алыс емес деп ойлаймын. Өз басым қазір ресейлік вакцина салдтыртқан дұрыс деп есептеймін, - деді ол.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 1 ақпаннан бастап Қазақстанда «Спутник V» ерікті вакцинациялау науқаны басталды.
1 ақпаннан 8 ақпанға дейін 719 адам (78%-дан артық) вирусқа қарсы екпе алды. Бірінші кезеңге кіретін вирусты жұқтырып алу қаупі бар топтарға жататын медицина қызметкерлер, олар – жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел жәрдем қызметкерлері, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдары, көпсалалық ауруханалардың қабылдау бөлімдерінің қызметкерлері вирусқа қарсы екпе алып жатыр.