Вакцинациялауға бөлінген 50 млрд теңгенің қанша бөлігі отандық вакцинаға бағытталған?

31 Наурыз 2021, 19:42
1873
Бөлісу:
Вакцинациялауға бөлінген 50 млрд теңгенің қанша бөлігі отандық вакцинаға бағытталған?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Qazcovid-in қазақстандық вакцинасы туралы» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде БҒМ ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева айтты.

Спикер журналистің Қазақстанда вакцинациялауға бөлінген 50 млрд теңгенің нақты қанша бөлігі отандық вакцинаға бағытталғанына және Qazcovid-in-нен бөлек тағы 4 вакцинаның әрқайсысына қанша қаражат бөлінгеніне қатысты сауалына тоқталды.

Коронавирусқа қарсы 5 вакцинаға былтыр 1,5 млрд теңге бөлінді. Бірақ ол сома вакцинаның әрқайсысына жеке бөлінбейді. Өйткені бұл тұтас ғылыми бағдарлама. Бес вакцинаны да Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты дайындап жатыр. 1,5 млрд теңгенің ішінде ең алдымен сатып алынған қажетті реагенттер құны да кіреді. Тіпті клиникаға дейінгі зерттеулерді жүргізу үшін ақ тышқандардан бастап макакаларға дейін сатып алынды. Себебі бізде бұл жануарларды ұстайтын сертификациядан өткен тиісті ұйым жоқ. Жалпы мұндай ұйымдар әлем бойынша аса көп емес. Вакцинацияға қажетті бірде-бір реагент елімізде болмағандықтан, шетелден алдыртуға тура келді. 1,5 млрд теңгеге сонымен қатар ғалымдардың жалақысын қосыңыз және өзге де қажетті заттар алынды, - деді ол.

Спикер керекті зертханалар мен қажетті құрылғылар үшін 800 млн-нан астам қаражат бөлінгенін айтты. Оның сөзінде бұл басқа бюджеттік бағдарлама бойынша сатып алынған.

Өзгелердің жаңалығы