Вакцина ана сүтіне қалай әсер етеді?

27 Қараша 2021, 12:05
1040
Бөлісу:
Вакцина ана сүтіне қалай әсер етеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы №22 емхана бас дәрігерінің орынбасары Ақерке Жомарт вакцинаның ана сүтіне қалай әсер ететіндігі туралы айтты. Дәрігер бала емізетін ананы вакцинациялау бала үшін қауіпті еместігін алға тартты.

Жас сәбиі бар анаға екпе салу бала үшін қауіпті емес. Өйткені COVID-19-ға қарсы вакциналанған аналардың емшек сүтінде баланы инфекциядан қорғауға көмектесетін антиденелер бар. Жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді вакциналау аса қажет. Себебі «дельта»-вирус осы санаттағы азаматтар үшін аса қауіпті нұсқа болып табылады, сондықтан оларға бірінші кезекте екпе жасау керек, - деді дәрігер.

Алматыда Pfizer (Comirnaty) вакцинасымен егу науқаны жалғасуда. Бүгінде 7300-ден астам жасөспірім, 700-ге жуық жүкті әйел және 2 400 бала емізетін ана коронавирусқа қарсы егілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін дәрігер үшінші рет вакцина салдыру не үшін қажет екендігін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы