Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингі кезінде №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Гүлзат Байзақова хабарлады.
Оның айтуынша, Алматының инфекциялық стационарларында 3943 адам емделіп жатыр.
Олардың 98%-ы вакцина салдырмаған. Дәрігер алматылықтарды вакцинаны кейінге қалдырмауға шақырды. Өйткені статистика көрсеткіші төмен әрі қаладағы жағдай ушыға түсуде.
Дәрігердің айтуынша, ковидті госпитальдің реанимациясында 267 алматылық бар. Өкпені жасанды желдету аппаратында 28 адам, инвазивті емес ӨЖЖ-ге 110 адам қосулы. Тағы 103 науқас High flow аппаратының көмегімен ем алуда. Сондай-ақ 27 шілдедегі жағдай бойынша Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 250 науқас тіркелген.
Қауіпті індетті жұқтырғандардың көптігінен науқастарды орналастыру үшін төсек-орын санын көбейтудеміз. Қазірдің өзінде қаланың 3 943 тұрғыны инфекциялық стационарларда жатыр. Соның ішінде 215 бала бар. Сонымен қатар 7 702 науқас мобильді бригада мен телемедицина орталығының күнделікті бақылауында. Себебі көбісі екпе алмаған және бетперде режимін сақтамаған, – деді бөлім меңгерушісі.
Дәрігердің айтуынша, вакцина адамның індет жұқтырмауына 100 пайыз кепілдік бере алмайды. Сіз ауру жұқтыруыңыз мүмкін, бірақ ол жеңіл түрде өтеді.