Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ashyq жобасын іске асыру тақырыбында өткен брифингте вакцинацияланған адамдар қандай түсті мәртебеге ие болатыны туралы айтылды.
ҚР ДСМ СЭБК көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Оразалинаның айтуынша, вакцина салдырған тұрғындар мәртебесі жасыл түсті болады.
Вакцинаның екі компонентін де алған адамдардың мәртебесі жасыл түспен белгіленеді, - деп ол журналистердің сұрағына жауап берді.
Спикерлердің айтуынша, Ashyq қосымшасын вакцинация паспортымен біріктіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол 1 шілдеге дейін интеграцияланады.
Айта кетейік, жоба іске қосылған кезден бастап «қызыл» мәртебесі анықталған пайдаланушылардың жалпы саны 1 749, «сары» пайдаланушылар 1 268-ді құрады.
Сонымен қатар «Ashyq» жобасы әуежайларға енгізілгелі өзінің тиімділігін көрсетті. Нәтижесін 8 «қызыл», 9 «сары» пайдаланушы анықталды. Бұл КВИ-мен ауырып жүргендерін біле тұра адамдардың ел ішінде жүргендерін көрсетеді.
Еске сала кетейік, «Ashyq» – бұл ел ішінде COVID-19 вирусын жұқтыру және таралу үрдісіне барынша тосқауыл болып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, карантиндік шектеулер кезінде бизнестің дамуына мүмкіндік беретін жоба.