«Вагнер» құрамында соғысып жатқан қазақстандық студент сотталады

24 Сәуір 2023, 17:26
3324
Бөлісу:
«Вагнер» құрамында соғысып жатқан қазақстандық студент сотталады
Фото: egemen.kz

«Вагнер» жеке әскери компаниясымен келісімшартқа отырған Марғұлан Бекенов туралы Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, басқа мемлекет не ұйым үшін соғысқа аттанған адамдар қылмыстық қудалауға ұшырайды.

Осындай ойда жүрген кез келген адам 5 жылдан бастап, 9 жылға дейін сотталады. Бұл біздің елде қылмыс саналады. Ол жақта ешқандай романтика жоқ, бұл сіздердің соғыс емес. Өз жақындарыңызды ойлаңыздар, - деп ескертті СІМ өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Томск мемлекеттік университетінде оқып жүрген 23 жастағы Марғұлан Бекеновтің «Вагнер» жеке әскери компаниясының сарбаздары жаттығып жатқан базаға алып кеткен белгілі болды.

Сондай-ақ ол әскери базаның өткізу пунктінде анасымен кездесіп, келісімшартқа өз еркімен қол қойғанын айтқан.

Өзгелердің жаңалығы