V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: жамбы атудан жүлдегерлер анықталды

Бөлісу:
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: жамбы атудан жүлдегерлер анықталды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жамбы ату спортының мажар стилінен жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыс нәтижесі бойынша Француз спортшысы Рафаэль Малет алғашқы алтын медальді жеңіп алса, күміс жүлдені Моңғолия Алтануяг Нэргүй иеленді. Ал Франция елінен Гаэтан Бло қоланы қанағат тұтты. Ұлттық құрама мүшесі Абзал Тұлыбеков үздік бестік қатарына енді.

Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетті. Спортшыларымыз бұған дейін Әлем, Еуропа чемпионаттарында жүлделі орындарды иемденген.

Спортшыларымыз алдағы үш күн 3 стиль (азия, түрік, қазақ) бойынша бақ сынасатын болады, - деп жазды Туризм және спорт министрлігінен.

Өзгелердің жаңалығы