Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қылмыстық іс бойынша сот Астана қаласында жабық түрде өткен. Әскери қызметкер ҚР ҚК-нің 120-бабы ("Зорлау") бойынша кінәлі деп танылған.
Сот шешімімен ол әскери атағын да жоғалтты. Жәбірленуші кәмелетке толмағандықтан, іс материалдары жария етілмеген.
Қорғаныс министрлігі бұл қылмыстың қызметтен тыс және әскери бөлімнен тыс жерде жасалғанын хабарлады.
Қылмыс жасалған кезде ол қызметтік міндетін орындамаған. Әскерде құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік принципі бар, ал кінәлілер заң бойынша жауап береді, - делінген министрлік хабарламасында.
Еске салсақ, Павлодарда жасөспірімді зорлаған ер адам 16 жылға сотталғанын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен ер адам ұсталғаны туралы жаздық.