"Ұйқы жақсарады". Ғалымдар мысықтың ерекше пайдасын айтты

Кеше, 19:43
546
Бөлісу:
"Ұйқы жақсарады". Ғалымдар мысықтың ерекше пайдасын айтты
Фото: pixabay.com

Ғалымдар мысықтардың ұйқы механизмдерін зерттеуде маңызды рөл атқаратынын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Ұйқы-2025» форумында сомнолог Евгений Вербицкийдің айтуынша, бұл жануарлардың баяу ұйқы фазаларының айқын бөлінуі зерттеушілерге оны таяз және терең кезеңдерге ажыратуға мүмкіндік береді.

Эксперименттер көрсеткендей, мысықтарда баяу ұйқының болмауы ақуыз алмасуына әсер етеді.  Гормондардың экспрессиясы баяулайды, ағзадағы әртүрлі процестерді реттеуге қажетті ақуыздардың синтезі тежеледі. Бұл жаңалық ұйқы бұзылыстарының адам ағзасындағы зат алмасуға қалай әсер ететінін зерттеуге көмектесіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы