"Ұйқы бермейді". Салтанаттың бұрын жарияланбаған хаты оқылды

17 Сәуір 2024, 16:55
6378
Бөлісу:
"Ұйқы бермейді". Салтанаттың бұрын жарияланбаған хаты оқылды
VIDEO
Фото: instagram.com/aitym

Астанадағы сотта Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина марқұмның әлеуметтік желі арқылы жазған хаттарын оқыды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Салтанат құрбысына былай деп жазған:

"Мен өзім адасып кеттім, бірақ онымен өмір сүре алмаймын. Жалғыз қалғым келеді, бұл адамдар ешқашан емделмейді. Олар психологқа өздерінің күшті екенін, қалғандарының топас екенін айту үшін барады. Бұл екінші рет кетуім, бітті бұл - соңы... Ол енді кешіргенше бәрін жасайды, бірақ кейін мазақ қылып, кек алады, - деді ол.

Нүкенова Бишімбаевтың психотерапиядан өткенін айтқан. 

Екі айда өзінің психологына 10 мың доллар берді. Психолог Тайландтан ұшып келген, мәскеулік адам. Бірақ түк пайда жоқ, өзгермейді. Менің кеткім келген, бірақ ол қалуым үшін бәрін жасай бастады. Ол маған ұйқы бермейді, өзі де түнімен ұйықтамайды, - деді Нүкенова.

Еске сала кетсек, бұған дейін сотта VIP бөлмеден табылған скотч туралы айтылды. 

Өзгелердің жаңалығы