Үйінді астында бес күн жатқан адам аман қалды

4 Сәуір 2025, 06:55
786
Бөлісу:
Үйінді астында бес күн жатқан адам аман қалды
Фото: CNN

Мьянмада 7,7 балдық күшті жер сілкінісінен 125 сағат өткен соң қираған ғимараттың астынан 53 жастағы ер адам аман шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN арнасына сілтеме жасап.

Оны Мьянма өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері Қытайдың құтқару тобымен бірге жер сілкінісінің ошағына жақын орналасқан Мандалай қаласында тауып алып, шығарып алды.

Бұл 3000-нан астам адамның өмірін қиып, мыңдаған адамды жаралаған апаттан кейін сәтті құтқарудың сирек кездесетін жағдайларының бірі.

Еске салайық, жер сілкінісі 28 наурызда 7,7 балл болып, көшелерді қирандыға айналдырды. Жерасты дүмпулері Таиландта сезілді, Бангкоктағы жүздеген адам қорқып көшеге жүгірді.

Көп ұзамай тағы бір соққы болды – магнитудасы 6,4 болатын дүмпу. Елде төтенше жағдай жарияланып, құтқарушылар үйінді астынан аман қалғандарды алып шығу үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы