Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұйғыр этномәдени орталығының өкілі ҚХА-ның бірлікті нығайтудағы рөлін атады

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
24 Сәуір 2025, 16:10
1078
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстан ұйғырлары этномәдени орталығының төрағасы Долкунтай Абдухалилді ҚХА-ның 30 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медальмен марапаттады. Ол бұл марапаты тек жалғыз өзінің емес, бүкіл халықтың марапаты екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін ҚХА-ның 30 жылдығын атап өттік. Жиынға қатысқан Президент алғысын айтты. Еліміздің бірлігін нығайтуда, жастарды тәрбиелеуде барлығымыз атсалысып жатқанымызды атап өтті. Сондай-ақ Президентіміз ассамблеяның да рөлін айрықша атап көрсетті, - деді ҚХА мүшесі.

Оның сөзінше, мұның барлығы еліміздің болашағы мен бірлігінің нығаюына, жас ұрпақты дұрыс жолда тәрбиелеуге, олардың өсіп-өркендеуіне, еліміздің абыройының көтерілуі мақсатында жасалып жатқан жұмыстар.

Бүгін осы бағыттағы жұмыстарға ұйғыр мәдени бірлестігінің атынан қосқан үлесіміз үшін медальмен марапатталдым. Бұл менің ғана емес, барлығымыздың жұмыла істеген жұмысымыздың, ұлттардың тыныштығы, бірлігі аясындағы қызметтің жемісі, - деп айтты Долкунтай Абдухалил.

Өзгелердің жаңалығы