Үйдің ауласында баланың мәйіті табылды

Бүгiн, 15:54
813
Бөлісу:
Үйдің ауласында баланың мәйіті табылды
Фото: Ерболат Бекболат

Бүгін Ақтөбе қаласындағы Маресьев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, баланың мәйітін тұрғындар таңғы 7.30-дар шамасында байқап қалған. Дереу баланың анасы жедел жәрдем шақырған. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Әлия Шарбақованың айтуынша, таңғы сағат 7.39-да 103 қызметіне қоңырау түсіп, бригада аталған мекенжайға барған. 

Балада клиникалық өлім болған. 30 минут шамасында бригада қызметкерлері реанимациялық көмек көрсеткен, алайда өлім болғаны тіркелді. Бала жедел жәрдем бармай көз жұмған. Бала бұрын ешқандай есепте тұрмаған, қазір сот-сараптамалық тексеру жүріп жатыр, - дейді ол.

Оның айтуынша, бала таңертең анасынан бұрын далаға шығып кеткен. Белгісіз жағдайда аулада құлап, есінен танып қалған. 

Ал облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Бауыржан Асауовтың айтуынша, оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы мәйіттің зорлықпен өлтіру белгілері жоқ екенін анықтап отыр. 

 Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды. Сондай-ақ куәгерлерден жауап алынды, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы