Үйде жатып, "алма піс, аузыма түс" дейтін заман кетті - жазушы

24 Қараша 2022, 16:02
2078
Бөлісу:
Үйде жатып, "алма піс, аузыма түс" дейтін заман кетті - жазушы

Еліміздегі соңғы саяси оқиғаға байланысты жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жиенбай Қуаныш өз ойың айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кешегі Президент сайлауы еліміз үшін үлкен саяси маңызы бар оқиға болды. Сайлауда біздің республика халқы таңдаудан адасқан жоқ. Сайлау қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Кемелұлының 82% дауыс жинауы – сонша халықтың сенімін арқалады деген сөз. Бұл әрине үлкен жеңіс,-деді ол.

Сондай-ақ 2022 жылы 20 қарашада өткен кезектен тыс сайлаудың бұрынғы сайлаудан айырмашылығы бар екенін айтады.

Мен осы сайлауда халықтың, елдің мұң-мұқтажын тыңдайтын үкіметке сенім артып, үкіметке арыз-шағымын жеткізуге сенімді болғандықтан да олардың сана-сезімінің оянғанын байқадым,-дейді ол.

Қуаныш Жиенбайдың пікірінше де саяси бастамаларды тек мемлекет басшысы ғана емес, барлық халық бірге жасау керек.

Әділетті Қазақстанды құру – бір адамның қолынан келетін дүние емес. Қазір үйде диванда жатып,аузыма түс дейтін уақыттан кеттік. Сондықтан кеше сайлауға дауыс берген әрбір азамат жауапкершілікті түсіну керек. Сол жолда бәріміз бірге еңбек етуіміз керек. Сонда ғана дамыған елдің қатарына қосылып, еліміздің өркендетеміз,-дейді Қуаныш Жиенбай.

Өзгелердің жаңалығы