"Ұят болды": Қыдырәлі Болманов желіде тараған видеоға жауап берді

Бүгiн, 13:07
238
Бөлісу:
"Ұят болды": Қыдырәлі Болманов желіде тараған видеоға жауап берді
Фото: әлеуметтік желіден

Продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов Шымкент қаласындағы тойдан кейінгі алыпқашпа әңгімеге қатысты желіде жазба жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымқалада болған осы тойды біреулер ән айтып тұрған видеомыздың бетіне баттитып: «тойда мас болғандары ұят болды», – деп Қарақатты да қосып жіберіпті. 5-6 камера басынан аяғына дейін түсірген, той иесі бар, той қонақтары бар, ұйымдастырушылар, бізге дастарқан жайып, қызмет көрсеткен даяшы қыздар бар. Куә жеткілікті, Құдайға шүкір! Сол қыздар-ақ дастарқанда арақ-шарап болмағанына куә!, – деді ол.

Қыдырәлі Болманов өзіне қатысты жазылған айыптарға уайымдамайтынын ашық айтты.

Маған не айтсаңыздар да өздеріңіз білесіздер, бар жаманды маған айтыңыздар, өтініш! Қасиетті жерге барып келген сапарымызға көлеңке түсіріп, ол видеоны көрген адамға күмән салып жүрген пенденің мақсаты не болуы мүмкін, құрметті оқырман?! Күнә жинағаннан басқа не пайдасы бар? Осы уақытқа дейін, 25 жылда қол ұстасып, елдің көз алдындамыз, сансыз мадақтар болсын! 25 жылда бірде-бір тойда ешқашан осындай жала жабылған емес, жаман сөз ерген емес! Есі дұрыс адам Қасиетті Меккеден келе салып, арақ іше ме? Оның үстіне, қасиетті ораза келіп қалғанын жақсы білеміз. Өсек-аяң тасып, өтірік айтып, жала жабатындарды Алла кешірсін! Бір Аллаға тапсырдым!, – деді әнші.

Өзгелердің жаңалығы