Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үй арыстаны иесін талап өлтіріп, жеп қойды

13 Мамыр 2025, 20:32
2465
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Иракта арыстан 50 жастағы иесіне шабуыл жасап, оны жеп қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Rudaw агенттігіне сілтеме жасап.

Ирактың Наджаф провинциясында үйде асыралып жүрген арыстан иесін талап өлтіріп, жеп қойғаннан кейін, полиция жыртқышты атуға мәжбүр болды. 

Оқиға бейсенбі күні, 8 мамырда Әл-Куфа қаласында болған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, жыртқыш 50 жастағы ер адамға өзінің үй бақшасында шабуыл жасаған. 

Арыстан оның денесінің көп бөлігін жеп қойды. Жыртқыш адамның қалдықтарынан кетуден бас тартқандықтан, бізге қару қолдануға тура келді, – деді қалалық полиция өкілі.

Сондай-ақ ол ер адамның көп жылдан бері үй ауласында арыстандар мен басқа да жыртқыш мысықтарды асырап келгенін мәлімдеді. 

Rudaw атап өткендей, Иракта экзотикалық жануарларды заңсыз сатумен күрес көп жылдан бері жалғасып келеді. Алайда мұндай жануарларға сұраныс жоғары болып тұр, ал оларды реттейтін заңдар іс жүзінде сақталмайды.

Бұған дейін де мұндай оқиғалар болған. Атап өтер болсақ, Үндістанда жолбарыс үш әйелді өлтірген. Жыртқыш Махараштра штатындағы ауыл маңындағы орманда әйелдерге шабуыл жасаған.

Өзгелердің жаңалығы