Утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесі қайта іске қосылды – Үкімет

3 Ақпан 2022, 11:08
1440
Бөлісу:
Утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесі қайта іске қосылды – Үкімет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жасыл Даму» АҚ утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесін қайта іске қосты. 

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта өндірушілер мен импорттаушылардан утилизациялық алым қабылдау толық жүзеге асырылуда.

2022 жылғы 24 қаңтардан бастап утилизациялық төлем қабылдау «Жасыл даму» АҚ-ның екінші деңгейлі банктердегі жаңа деректемелерінде жүргізіледі.

 «ӨКМ Операторы» ЖШС функциялары «Жасыл Даму» АҚ-ына өткен уақыттан бері утилизациялық алым төленгендігі жөнінде 865 сертификат берілді. 

Өзгелердің жаңалығы