Ұсталғандарды азаптағандар жауапқа тартылып, ашық көрсетілу керек – сарапшы

25 Ақпан 2022, 20:48
1282
Бөлісу:
Ұсталғандарды азаптағандар жауапқа тартылып, ашық көрсетілу керек – сарапшы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Кім заңды бұзады, ол жауапқа тартылу керек. Дүние жүзіндегі құқықтық мемлекеттердің бәрінде сондай. Бұл туралы құқықтанушы, Еуропалық құқық және адам құқығы институтының басшысы Марат Башимов «Қазақпарат» алаңында өткен пікірталаста айтты.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының өзі де қамауда отырғандарды азаптағандар жауапқа тартылу керек дегенді алға тартып отыр.

Өйткені оларға ешкім ондай құқық берген жоқ. Кім заңды бұзады, ол жауапқа тартылу керек. Дүние жүзіндегі құқықтық мемлекеттердің бәрінде сондай, яғни Конституциялық үстемділік бар.  Сен қандай жағдай болмасын заңды бұзбау керексің. Ұсталғандарды азаптағандарды жауапқа тартып, оны дүние жүзіне айтып, көрсету керек. Жауапкершілік деген барлық жерде болу керек,- дейді Башимов.

Ал, саясаттанушы, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының бөлім жетекшісі Индира Рыстина Жаңа Қазақстанды құруда алдымен адам факторына назар аудару қажеттігін айтты.

Жаңа Қазақстан, Қаңтар трагедиясы жайлы айтқанда үш негізгі ұғым бар, ол – әділеттілік, жауапкершілік және ашықтық. Қазір барлығы осы үш ұғымның төңірегінде жүріп жатыр. Әрбір азамат өз ісіне жауапты болу керек. Ол қарапайым халық болсын, полиция қызметкерлері болсын. Барлық полиция қызметкері ұрып-соғады деп айып таға алмаймыз, бұл жекелеген факторлар. Бізде реформа үнемі жасалып келеді, алайда әрбір азаматтың жеке дара жауапкершілігі болмайынша бұл реформалар іске аспайды. Біз лидерді немесе қызмет иесін қарастырғанда оның басқарушылық қабілеттерінен бұрын этикалық жауапкершілік феноменіне назар аударуымыз керек. Қай салада болмасын реформа жүргізуді бастағанда адам факторына назар аударуымыз керек,-дей ді ол.

Оның пайымдауынша, адамның дамуы қоғаммен қатар жүріп отыруы қажет. Егер ол асып немесе төмен түсіп кетсе оның адамдармен өмір сүруінде үйлесімділік болмайды.

 

Өзгелердің жаңалығы